Новости

«Біз — Отанның қорғаны»

06.05.2019 күні «ҚазГЗУ» гуманитарлық-заң колледжінде 7- мамыр «Отан қорғаушылар» мерекесіне орай 1-ші курс студенттері арасында   «Біз — Отанның қорғаны» атты әскери-патриоттық колледжішілік байқауы  ұйымдастырылды.

Жарысқа 5 команда қатысып, нәтижесінде, ІІІ  орынды Мк-11 тобы, ІІ орынды Уинор-11 тобытоптары иеленсе жүлделі І орынды Пк-12 тобы қанжығасына байлады. Сондай-ақ, үздік өрнектерімен көрінген  қатысушылар ұйымдастырушы алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бердхан Жанибек тағайындаған «Үздік автоматты жартылай бөлшектеп жинақтаушы»,  «Үздік жалпы әскери қорғаныш толымын киюші», «Үздік пневматикалық винтовкадан атушы мерген», «Үздік командир» атақтарымен де марапатталды.