Новости

22.03.19 — ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжі және Тұран-Профи шаруашылық колледжі «FP MODELS» сән агенттігімен бірлесіп 2019 жылғы 15 сәуір «Ғашықтар күні» мерекесіне орай «Үкілі Баян» байқауына кастинг жариялайды

Байқаудың мақсаты: ХІІІ ғасырдағы қазақ эпосы «Қозы көрпеш Баян сұлу» ғашықтарының бір-біріне деген кіршіксіз махабатын студеттер арасында кеңінен насихаттау арқылы толық сұлулықтың мәні сыртқы келбет пен ішкі жан дүниенің үйлесімділігінде екендігін түсіндіру. Сонымен қатар, студент қыздардың арасынан көркіне ақылы сай қазіргі заманның сұлу Баянын анықтау. Қатысушылардың басқалар білмейтін таланттарын аша отырып оларды студенттер арасында танымал ету және беделін арттыру. Байқауға қатысушылар: студенттер Байқаудың шарты: қатысушы қыздар қыпша белді, бойы 165 см жоғары, өзіне сенімді болуы керек Байқаудың уақыты: байқаудың алдында іріктеу кастингі 2019 жылғы 2-сәуір сағат 14:00-де, ал байқау 15-сәуір сағат 15:00-де ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжінде өтеді. Кастингті қабылдаушылар: FP Models модельдік агентстваның директоры Рябко Наталья Сергеевна, Вице директоры Терашинко Сергей Сергеевич және ҚазГЗУ колледжінің қытай тілі пәнінің оқытушысы Ахметова Индира Мейірбекқызы Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар иеленеді: бас жүлдеге — «Баян Үкісі» және құны 150 мың теңге тұратын «FP MODELS» агенттік мектебінің 3 айлық оқу курсына сертификаты және де сол сән үйінде келісім шартпен жұмыс жасауға мүмкіндік беріледі. Қалған орындарға номинациялық дипломдар және «FP MODELS» агенттігнің Дефиле сабағын үйренуге арналған сертификаттар мен модельдік фотосессияға, актерлік шеберлікке т.б. сыйлықтарға жолдамалар. Байқауды ұйымдастырушы: Индира Мейірбекқызы Анықтама телефоны: 8 775 547 60 47