Новости

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ

2019 жылы 12 – қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» атты мақаласын дәріптеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының қолдауымен және ҚАЗГЗУ Гуманитарлық заң колледжінің ұйымдастыруымен «Ұлы бабалардың еңбектері» атты іс-шарасы өткізілді.

Аталған іс-шараға ҚАЗГЗУ Гуманитарлық заң колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының 1 курс студенттері «Тарих» пәнінің оқытушысы Азамат Ауесханұлы жетекшілігімен арнайы қатысып, толық мәлімет алып қайтты. Ондағы мақсат Елбасының «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» атты мақаласын кеңінен насихаттау және ұлттық тарихымыздың құндылығын ұғындыру.