Новости

7 – мамыр «Отан қорғаушылар» мерекесіне орай студенттер арасында футболдан колледжішілік біріншілік

29.04.2019 күні ҚазГЗУ гуманитарлық-заң колледжінде 7 – мамыр «Отан қорғаушылар» мерекесіне орай студенттер арасында футболдан колледжішілік біріншілік ұйымдастырылды.

Жарысқа 9 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Қызу тартысқа түскен командалар арасындағы алғашқы кезеңдерде анықталған 4 команда ақтық кезеңге жолдама алды. Нәтижесінде, ІІІ орынды 3-ші курс Пр-32 тобы, ІІ орынды 1-ші курс Пк-12 тобы, жүлделі І орынды иемденген, 1-ші курс Уиянор-12 тобы жарыс жеңімпазы атанып, алтын кубокты қанжығасына байлады. Сондай-ақ, үздік ойын өрнектерімен көрінген жарысқа қатысушылар ұйымдастырушы дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің тағайындаған «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы» атақтарымен де марапатталды.