New Wave — 2019

2019 жылы 25-желтоқсанда Қазақ ұлттық өнер университеті «Шабыт» шығармашылық сарайында жастар жылы аясында «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының «Jas Otan» Жастар қанатының «New Wave — 2019» атты іс-шарасы өтті. «New Wave — 2019» жастар премиясында колледждің белсенді студенттері дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік волонтер» номинациясымен Дюсенбаева Назгуль, «Үздік жоба жетекшісі» номинациясымен Алмасқызы Ақбота, Нұрхамитова Анелия, Матюшенко Сергей, Мұқаш Рақымжан, «Үздік студент» номинациясымен Айдарбек Бағдаулет, «Үздік жас спортшы» номинациясымен Досыбек Медеу және Базарбеков Ұлан мен Кадышов Алишер «New Wave — 2019» жастар премиясында «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Даулет Кәрібек мырзаның алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, «Нұрлы жол» білім беру корпорациясы құрамындағы ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжі «Үздік бастауыш бөлімше» номинациясына ие болды.

Оставьте первый комментарий

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован.


*