15.04.19 ж. Колледжімізде «Үкілі Баян» сән байқауы өтті

15-сәуір Қозы Көрпеш Баян Сұлу ғашықтар күніне орай Каз ГЗУ гуманитарлық заң колледжінде қытай тілі маманы Ахметова Индира Меирбекқызынын ұйымдастырумен «Үкілі Баян» байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: 13-ғасырдағы қазақ эпосының Козы Көрпеш Баян Сұлу ғашықтарының бір-біріне деген кіршіксіз махаббатын студенттер арасында кеңінен насихаттау арқылы толық сұлулықтың мәні сыртқы келбет пен ішкі жан дүниенің уйлесімділігінде екендігін түсіндіру. Сонымен қатар студент қыздар арасында көркіне ақылы сай қазіргі заманнын сұлу Баянын анықтау. Әділқазылар шешімімен «Үкілі Баян» байқауының жеңімпазы ПДр-11 тобының студенті – Мадиархан Жанна атанды.

Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде жеңімпазы «Баян Үкісі» және құны 150 мың теңге тұратын «FP MODELS» агенттік мектебінің 3 айлық оқу курсына сертификаты және де сол сән үйінде келісім шартпен жұмыс жасау мүмкіндікке иеленді. Қалған қатысушылар номинациялық дипломдар және «FP MODELS» агенттігнің Дефиле сабағын үйренуге арналған сертификаттар мен модельдік фотосессияға, актерлік шеберлікке т.б. сыйлықтарға жолдамаларды иеленді.

Be the first to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published.


*