Студенттік өмір адамзаттың ең әдемі де ұмытылмас сәттерінің бірі. Ал соның ішінде колледж табалдырығын аттап, студенттік қатарға қабылдану рәсімі әрбір 1 курс студенттеріне қуаныш сыйлайтын мереке.
Салтанатты шарада алғы сөз алған колледж директоры Елеусізова Раушан Хасенқызы бұл дәстүрдің студенттер үшін маңызды екенін айта келе, студенттік өмірге аттаған жастарды құттықтады. Сонымен қатар екінші курстың үздік студенттері 1 курсқа келген білім алушыларға студенттік билет табыстады. Жиналғандарда көтеріңкі көңіл-күй болу үшін, іс-шара кішгірім қызықты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Be the first to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published.


*