Айналаны көгалдандыру – жалпыға ортақ ізгі міндет. Бүгін КазГЗУ гуманитарлық-заң колледжінде Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойына орай «Ағаш отырғызу» акциясы өтті. Іс-шараға колледждің белсенді және Жастар ісі жөніндегі комитетінің студенттері ат салысты. Акция барысында 100-ден аса шырша, қарағай, аққайың отырғызылды.
Ақцияның мақсаты ағаш отырғызу арқылы болашақ ұрпаққа табиғат анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру. Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесімізді қосу болып табылады.

Be the first to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published.


*