Ұстаз бейнесі-шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны-әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Бүгінгі таңда ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Бургегулова Капия Касымовнаның жетекшілігімен 2 курс студенттері Тулеутайқызы Ұ, Гришина О, Маликова А, Халменова Д, Рахманова К,Кенжебек А, Жуматаева А, Исламова К, Берик Н «Менің болашақ мамандығым» атты мақала жазып, Нұр-Сұлтан қаласы «Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық газетінде мақалалары жарияланды. Тәртіппен білімді қоса жетелеп жүрген студенттеріміздің жетістігіне біз мақтанамыз, марқаямыз.

Be the first to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published.


*