21-қыркүйек КазГЗУ гуманитарлық заң колледжінде “Жалпы білім беретін пәндер” ЦК ұйымдастыруымен “Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы , Құлагердің әбзелдері” атты сыныптан тыс ашық сабақ өтті . “Қазақ тілі және әдебиеті” пәнінің оқытушысы Женискул Бокеновна Аширбекованың ұйымдастыруымен МДТқ-11 тобының студенттері тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды . Сабақ барысында Ақан серінің өмірбаяны , Құлагері , Құлагер атының әбзелдері баяндалды . Сергіту сәтінде миға шабуыл жасай отырып , жұмбақ жасырылды . “Балқадиша” әнінің шығу тарихы жайында толық мағлұмат алып , әнмен әуендете келе, сабақ мәнді әрі мағыналы аяқталды.

Be the first to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published.


*