“Үш тілді білу – елге үлгі болу” тақырыбындағы сыныптан тыс сабағы

ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжі мен “Тұран Профи” колледждері Нұр-Сұлтан қаласындағы арнаулы кәсіптік орта білім беру ошақтары бролып саналады. Колледжіміз – елордамыздағы ғана емес, республикамыздағы алдыңғы қатарлы оқу ордасы ретінде өзін танытқан бірегей оқу мекемесі. Оқу ордалары жас ұрпаққа біраз жылдардан бері саналы тәрбие, сапалы білім беріп келеді. Колледждерде бірнеше салаға мамандандырылған топтарда жүздеген студенттер білім алады. Студенттерге барлық жағдай жасалған. Мекеме басшылықтарының бастамасымен қазіргі таңда еліміздің аймақтарында орналасқан басқа колледждермен өзара әріптестік пен тәжірибе алмасу кең жолға қойылған. Ос бағытта аталған қос колледжге жақында Жамбыл облысының Тараз қаласында орналасқан «Парасат» колледжінен бір топ делегация келді. Қос колледждің тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысқан делегация мекеме ұстаздары өздерінің оқу-тәрбие бағытындағы іс-шараларын ұсынды.

Атап айтқанда, 16 сәуір күні үштұғырлы тілді меңгерту бағытындағы өткізілген “Үш тілді білу – елге үлгі болу” тақырыбындағы сыныптан тыс сабағын айтуға болады. Бұл шараның мақсаты-қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде білім алып жатқан колледж студенттерінің білім деңгейін көрсету және пән мұғалімдерінің сабақ өткізудегі әдістемелік шеберліктерін үлгі етуге кеңінен насихаттау болатын.

Шара барысында студенттер 8 кезеңнен тұратын сайыста жеке және топтық жұмыстар жасады, түрлі грамматикалық тапсырмаларды, еркін түрде үш тілде аудармаларды, жұмбақ бойынша берілген музыкалық әуендердің жауаптарын іздеуі, іс-қимылмен фразалық тіркестерді көрсетуде өзіндік актерлық шеберліктерін көрсетті. Шара барысында қонақтарға арналған арнау өлеңдер, тілектер арналды. Қонақтар да өз тарапынан қонақжайлықпен білімділігін, тәрбиелілігін танытқан колледж ұжымына ризашылықтарын білдіріп, шараға белсена араласты.

Оставьте первый комментарий

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован.


*