2020 жылдың 28 ақпан күні коллежде Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасының «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» жалпы халықтық мәдени- білім беру жобасы аясында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
Атап айтсақ, УНОк-11,ВДУр-12,УИЯНОк-12,ФР-21, МР-22,УНОр-12 топтарында «Бір Отан-бір отбасы» тәрбиелік сағаттар әңгімелесу және концерттік бағдарламада өтті. Сонымен қатар 1-наурыз Алғыс айту күніне орай онлайн-челендж ұйымдастырылды. Іс-шаралар мақсаты: -наурыз алғыс айту күнін студенттер арасында кеңінен насихаттау және Алғыс айту күні-бұл ең алдымен тыныштық пен өзара сенімділік, барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметтің орнығуына себеп болатын күн екендігін студенттерге жеткізу.
Оставить комментарий