«Мамандықтар әлемінде» кәсіптік бағдар беру  іс-шарасы

ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжінде 2020 жылдың 14 ақпанында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру бойынша қолдау көрсету және болашақ кәсіби қызмет саласы мен бейінін таңдауда көмек көрсету мақсатында «Мамандықтар әлемінде» кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының № 25 орта мектебінен 9-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар колледж мамандықтары туралы ақпарат алды. Сондай-ақ, іс-шара барысында оқушылармен викториналық сұрақтар және тренинг өткізіліп, ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжі мамандықтарына оқуға түсуге 20%, 30% пайыз көлеміндегі жеңілдік сертификаттарына ие болды.

Оставьте первый комментарий

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован.


*