«Асыл қасиет – адалдық, асыл міндет – адамдық»

2019 жылдың 17-ші қазанында ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжінің базасында 1 курс студенттерімен «Адалдық сағаттарын» интерактивті түрде «Асыл қасиет – адалдық, асыл міндет – адамдық» атты тақырыбында оқытушы Шаханова Ажар Мейрамовна ашық тәрбие сағатын өткізді.

Оған «Nur Otan» партиясының жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты – қалалық филиалының төрағасы Жәнділдаев Бақдаулет Болатұлы арнайы қатысты. Өткізіліп жатқан сабақтың мақсаты: студенттердің бойына рухани адамгершілік асыл қасиеттерді ұялата отырып, жаман қылықтар мен істерден аулақ болуға тәрбиелеу. Сонымен қатар студенттер адалдық, сенім, адамгершілік туралы өз ойларын толық жеткізіп, сабаққа белсене қатысып отырды. Аталмыш тақырып бойынша өлеңдер оқылып, өмірден мысалдар келтірілді.

Оставьте первый комментарий

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован.


*