• КазГЗУ гуманитарлық заң колледжі

    ҚазГЗУ колледжінде алған БІЛІМ-табысты МАМАН болуының кепілі

DSC_4363

DSC_4374

DSC_4393

DSC_4404

DSC_4414

DSC_4418
2017 жылдың 4 желтоқсанында колледжінде өткізілген Ашық есік күніне 18 колледжден 21 оқытушы қатысты. Іс-шара қатысушыларын колледждің белсенді студенттері қарсы алып, мәжіліс залында колледж қызметімен таныстыратын бейнероликті назарларына ұсынды. Бағдарлама бойынша 6 ашық сабақ және 2 сабақтан тыс іс-шара жоспарланып, өткізілді. Сонымен қатар, кітапхана меңгерушісі Г.Ноғайбаева ҚР Тәуелсіздігінің 26-жылдығына арналған «Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Барлық ашық сабақтар мен сабақтан тыс-іс-шаралар жоғары деңгейде өтті.

WhatsApp Image 2017-12-11 at 15.26.59
Ағымдағы жылдың 30 қарашасы күні колледж оқытушылары А.Х.Жапарова, З.А. Жумабаева, Ж.Б.Кожабекова, Б.М.Мамбетова «Адами әлеует елдің инновациялық дамуының басты факторы» атты қалалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция 5 бағыт бойынша жұмыс жасады, оның екеуінде колледж атынан топтық жұмыстар таныстырылды. Олар: Пк-11 тобының студенті А.Микша және Д.А.Галимова (жетекшісі Ж.Б. Кожабекова) және Пк-22 тобының студенті А.Амандыкова (жетекшісі З.А. Жумабаева). Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттармен, грамоталармен және дипломдармен марапатталды.

DSC_4285

DSC_4279

DSC_4276

29.11.2017. сағат 11:00-де ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжінде «Жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мәселелері» тақырыбында дәріс өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсанындағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіру және студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында құқықтық пәндер оқытушысы С.Бейсембекова колледждің 1 курс студенттеріне дәріс өткізді.
Кездесу барысында студенттер жемқорлыққа байланысты сұрақтарына кәсіби жауап алды.

IMG_2462IMG_2461
«Құқықтану» мамандығының 2-курс студенттері 2017 жылдың 30 қазан күні Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты азаматтардың құқық мәдениетінің деңгейін жоғарылату, сот жүйесіне сенім арттыру, сонымен қатар сот әділдігінің қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында басты сот талқылауына қатысты. Кеңсе меңгерушісі А.Шынжанова Соттың құрылымын, Сот құжаттарының рәсімделу тәртібімен, «Сот құжаттарымен танысу» сервистерімен азаматтардың қолдану тәртібімен, сот отырыстарын аудио-бейне жазбаға жазу сотқа қатысушылар мен судьялардың тәртібін таныстырды.

DSC_3687
DSC_3680
«Жаңа есімдер» бейімделу концерті
27.10.2017. «Өзін-өзі тану» пәні аясында 1 курс студенттерінің қатысуымен «Жаңа есімдер» атты концерт өткізілді.
Аталған іс—шараның мақсаты студенттерді достық, сыйластық қарым-қатынаста өмір сүруге тәрбиелеу, бойларында қабілеті бар студенттерді жетілдіріп, колледждің қоғамдық қызметіне бейімдеу.

91701352-b7f5-4ed8-b9ae-62e09f0dfb0c
Алжирге саяхат
Жыл сайын жаңа қабылданған студенттерді өткен ғасырдың 30-жылдарындағы репрессия тарихымен таныстыру мақсатында Ақмол ауылында орналасқан «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне саяхат ұйымдастырылды.

Барлық жаңалықтар